Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен 2023 жылдың 21 маусым күні Ұстаздар саябағында «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» тақырыбында шебер-сынып өтті
Аталған іс-шараға Асық ату спортынан спорт шебері, Астана қаласының аға жаттықтырушылары, ұлттық спорт төрешілері Исламбеков М.К., Рахметов Е.С., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті Куланова К.К. және Бес асықтан Қазақстан Республикасының чемпионы Бекбосынова Б.Е. қатысып, ерте жастан балаға ұлттық ойынымызды ойнатудың маңыздылығына тоқталып өтті.
Шебер сыныпты бастамас бұрын Астана қаласының аға жаттықтырушылары, ұлттық спорт төрешілері асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны – өзінің түрлеріне қарай баланың күш-жігерін арттырып,мергендігін,шапшаңдығын,ептілігі мен қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді. Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады.Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып,аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алатындығына тоқталды.
Іс-шараға 60-қа жуық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушылары, ата-аналар, және қала тұрғындары қатысты .