2024 жылғы 1 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында мектеп вожатыйларына вебинар өткізді.
Білім алушылармен тиімді жұмыс жүргізу, олардың қызығушылықтарын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және командалық орта құрудағы Мектеп вожатыйларының рөлі үлкен.
Вебинарда «Әдістемелік орталығы» МКҚК Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Д. Шарипова нормативтік құжаттар туралы түсіндіріп өтті.
Ал Ақжан әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейінің вожатыйы Жекенқызы Балғын «Оқушы бойына құндылықтарды қалыптастырудағы тәлімгердің рөлі», №77 мектеп-гимназиясының вожатыйы Сейтбек Күлаш «Вожатыйдың тәрбие жұмысындағы шығармашылық рөлі: практикалық тәсілдер мен идеялар», №93 мектеп-лицейінің вожатыйы Еркебай Сая Темірханқызы «Әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы құндылықты енгізу» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.