Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Орта білім беру бөлімінің әдіскерлері 2024 жылғы 12 қараша күні №40 мектеп-лицейіне әдістемелік күн ұйымдастырды. Әдістемелік күнді ұйымдастырудың негізгі мақсаты- педагогтердің сабақ беру әдістемесін, білім сапасын арттыру үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді бақылау, оларға кәсіби шеберлігін шыңдауда әдістемелік қолдау көрсету. Әдіскерлер барлық пәндер бойынша 14 сабаққа қатысып, сабақтардың берілу сапасы оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап, сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, тиімді кері байланыс орнатып, әдістемелік ұсыныстар берді.