«Үздік сынып сағаты» байқауының екінші кезеңі – жаңа ортада жаңа тәжірибе!

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК сынып жетекшілерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы үздік сынып сағаттарының тәрбиелік, рухани-адамгершілік, патриоттық мазмұнын арттыру мақсатында «Үздік сынып сағаты» байқауын өткізуде.

«Үздік сынып сағаты» байқауының ерекшелігі — қатысушы ұстаздар өздерінің ерекше сынып сағаттарын басқа мектепте, бейтаныс сыныптың білім алушыларына өткізді. Байқау — қатысушылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға және әртүрлі білім алушылармен қарым-қатынас орнатудағы дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

№ 87, 92, 93, Дарынды қыз балаларға арналған Білім-инновация лицей-интернатының сынып жетекшілері қызықты, тәрбиелік мәні бар, мазмұнды сынып сағаттарын көрсетті. Байқау қорытындысы 2024 жылғы 19 қараша күні https://astana-modern.edu.kz/ жүктеледі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *