2024 жылғы 14 қараша күні Астана қаласы № 53 мектеп-лицейінде жас мамандарға көмек көрсету, қазақ тілін оқытудағы ерекшеліктер мен тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру мақсатында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жас мұғалімдерге арналған «Қазақ тілін оқытудағы ерекшеліктер мен қиындықтар» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар өтті. Бұл іс-шараға Астана қаласының Білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері Ж.М.Кайркенова және қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 25 ұстазы қатысты.
Семинарда Астана қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. № 53 МЛ директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә.Т.Хамитова «Мәтінді ойын түрінде жеңіл меңгерту» тақырыбында тәжірибесін сторителлинг әдісімен ой тұжырымдаса, сол мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.О.Алимжанова «Мәтінді ойын түрінде жеңіл меңгерту» тақырыбымен жалғастырды.
№72 МЛ директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.С.Жетмекова мен № 27 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Қалыптастырушы бағалаудың білім беру жүйесіндегі рөлі мен маңызы» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
Сонымен қатар, №72 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.С.Сулейменова мен № 85 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.Т.Медеубаева «Жоспарлау және мақсатты дұрыс қою жолдары» коучингті тиімді ұйымдастыра алды.
Семинарға қатысқан барлық жас мамандар өткізілген іс-шараға белсенді қатысып, соңында кері байланыс берді. Ұстаздар семинардың өте маңызды және жас мамандар үшін құнды дүние екендігін айтып, өз тілектерін білдірді.