Жекеменшік балабақшаларда әдістемелік күн өткізілді

2025 жылдың 21-25 шілде күндері Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері мен жұмыс тобы «Акжан-ЛК», «Бал Алтыным» жекеменшік балабақшасына әдістемелік көмек көрсетті.

Әдістемелік көмек беру барысында профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі таныстырылып, құжаттардың сәйкестігі мен реттілігі қаралды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *