Жаңа мектепке –жаңашыл ұстаз

«Жаңа мектепке –жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, педагогтердің инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауға елордалық 60 астам жас маманнан сұраныс түсті.  Байқау 3 кезеңнен өтті.

1,2 кезеңнен қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 11 қатысушы 3 кезеңге өтті. 2022 жылғы 26 сәуірде  Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп-гимназия  базасында   3 кезеңге өткен   жас мамандар сабақ берді.

     Байқаудың нәтижесі  бойынша төмендегі жас мамандар жеңімпаз атанды:

1-орын  Қосылбекова Акмарал Аскербекқызы-  Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

2-орын Үсенбек Нұрберген Дәулетбайұлы — «Zharkyn Smart school» жеке меншік мектебінің биология пәні мұғалімі;

3-орын  Лезбай Әлімхан Нұрболатұлы — №42 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі.

    А.Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Ә. Киізбай,  Ә.Бөкейханов атындағы №76 мектеп-лицейінің  көркем еңбек пәнінің мұғалімі Т.Елубай, Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің  тарих пәні мұғалімі Н.Тыныштық,  №67 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ж.Жұманазарова,  М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі С.Ельтезеров,  №89 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А. Арғымбаева,  №82 «Дарын мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі А.Жақсылықова, Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының математика пәні  мұғалімі Д.Ергашев Білім беруді жаңғырту орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *