Жасанды интеллектті математика, информатика және физика пәндерінде қолдану

2025 жылдың 12 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Жасанды интеллектті математика, информатика және физика пәндерінде қолдану» атты семинар өтті. Семинарды Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназия ұйымдастырды. 

Семинардың мақсаты — білім беру процесінде жасанды интеллект пен ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді әдістерін зерттеу және инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы оқытудың сапасын арттыру. 

Семинарға математика, физика және информатика мұғалімдері қатысты. Семинар барысында Семинар пленарлық отырыспен ашылып, онда кіріспе сөздер айтылып, жасанды интеллектің білім берудегі рөлі туралы баяндама жасалды, мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Практикалық бөлімде қатысушылар физика, математика және информатика сабақтарында «Жасанды интеллект элементтерін қолдану», «Толықтырылған шындық (AR) мүмкіндіктері», «Графикалық кітаптар: Z және Alpha ұрпақтарына арналған білімнің жаңа форматы» және т.б. тақырыптарда тренингтерге қатысты. Көрмеде жасанды интеллектке қатысты материалдар мен құралдар көрсетілді. Рефлексия бөлімінде «Смарт ұстазға жадынама» тренингі өтіп, қатысушылар өз пікірлерін білдірді.Семинар жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар жасанды интеллекттің білім берудегі рөлі туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Практикалық бөлімде мұғалімдер жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді. Семинар соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты, атап айтқанда, семинардың пайдалы және қызықты болғаны, жасанды интеллект туралы көп жаңа мәліметтер алғандары және практикалық бөлімде жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеуді үйренгендері туралы кері байланыс берді. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *