«Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар интеграциясындағы мектеп моделі»қалалық семинар

2025 жылдың 22 қазанында Астана қаласының №107 орта мектебінде «Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар интеграциясындағы мектеп моделі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастырды.

Семинар барысында қатысушылар білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу тәжірибесімен танысты. Панорамалық сабақтар көрсетіліп, ЖИ құралдарын әртүрлі пәндерде қолдану үлгілері ұсынылды.

Пленарлық сессияны Астана қаласы білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Асыл Аманкелдіқызы ашты. Сессияда білім беру саласының жетекші мамандары сөз сөйлеп, келесі өзекті мәселелерді талқылады: мектеп әкімшілігінің жұмысын автоматтандыруда жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, педагог қызметін жеңілдету мақсатында Google Workspace және GeminiAI платформаларын қолдану, Roqet жасанды интеллектісін оқу үдерісіне енгізу тәжірибесі, бейнебақылау жүйесіне ЖИ енгізу арқылы білім беру мекемелеріндегі буллингтің алдын алу, AI мектеп платформасының тиімді қолданылуы, жасанды интеллект көмегімен оқушылардың дағдыларын дамыту.

Семинар білім беру саласындағы цифрлық трансформацияны жеделдетуге, мектептерде ЖИ құралдарын тиімді қолдануға бағытталған маңызды қадам болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *