Жасанды интеллект мүмкіндіктері: жаңа әдістер мен құралдар

2026 жылғы 6 ақпанда цифрлық даму бөлімінің әдіскерлері Астана қаласы Өнер мектебінің педагогтеріне арналған «Жасанды интеллект мүмкіндіктері: жаңа әдістер мен құралдар» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және заманауи білім беру платформаларымен таныстыру болды. Іс-шара барысында теориялық мәліметтер беріліп қана қоймай, қатысушылармен практикалық жұмыстар жүргізілді.

Семинар барысында педагогтер Canva платформасындағы жасанды интеллект құралдары арқылы оқу материалдарын әзірлеу мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар Cisco желілік академиясы (netacad.com) платформасында оқытудың ерекшеліктері, онлайн курстардың құрылымы және мұғалімдер мен оқушыларға арналған мүмкіндіктер қарастырылды.

Google AI құралдары – Gemini және Notebook LM мүмкіндіктері таныстырылып, жасанды интеллект көмегімен анимация, видео және музыка жасау (Veo 3, Grok, Meta AI, SUNO) тәсілдері практикалық түрде орындалды.   Бағалаудың интерактивті құралы Plickers арқылы сабақ барысында жедел кері байланыс алу және оқушылардың білімін цифрлық форматта бағалау жолдары көрсетілді.

Семинар педагогтер үшін өте пайдалы әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде тиімді қолданудың нақты жолдарын меңгеріп, семинар соңында сертификаттарға ие болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *