2024 жылғы 29 қазан күні №99 орта мектебінде Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жас маманның кәсіби өсуі: Оқыту және дамыту стратегиялары» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты: Жас мамандардың кәсіби дамуын қолдау, тиімді оқыту әдістерді іс-тәжірибелеріне енгізу жолдарын қалыптастыру.
Республикалық психологиялық әдістер мен тренингтердің авторы Сембаева А.Б. «Жылдам оқу, көбейту кестесінің лайфхактары» тақырыбында тренинг өткізді.
№81 мектеп-лицейінен Примова Т.Х. «Білім берудегі жаңа тренд, жаңа көзқарас», №91 мектеп-гимназиясынан Перетолчин Е.Н. «Использование GhatGPT в образовании: новые возможности для преподователей; №108 орта мектебінен Сабитова Б.Т. «Жас мамандарды қолдау: Оқытудағы әдіс-тәсілдер мен құралдар» шебер-сынып көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Оқыту семинарға 146 педагог қатысты.
Семинар соңында сөз алған қатысушылар семинардың өте жоғары деңгейден өткенін айтып, Әдістемелік орталықтың әдіскерлеріне алғыстарын білдірді.