Жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру негіздері

2025 жылғы 07 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК жоспарына сәйкес, «Кәсіби өрлеу алаңы» жастар клубы өз жұмысын бастады. Жас мамандардың кәсіби шеберлігін қалыптастыра отырып, біліктілігін арттыру мақсатында № 107 мектеп-лицейінде «Жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру негіздері» қалалық оқыту семинары өтті. Семинарды Әдістемелік орталығының Орта білім беру бөлімінің басшысы Қ.Б.Қыпшақбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Ж.М.Кайркенова және №107 мектеп-лицейінің директоры А.Б.Бейсенбина ашты.

Жас мамандар үшін Әдістемелік орталықтың әдіскерлері Г.А.Оразбекова мен А.С.Аубакиров «Сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында тренинг өткізсе, Ш.Мұртаза атындағы 63 мектеп-гимназиясының педагог-зерттеушісі М.Е.Смагулова мен А.Сейдімбек атындағы 54 мектеп-лицейінің педагог-шебері Д.Қ.Абильдина «Қалыптастырушы бағалау – табысқа жету баспалдағы» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Сонымен қатар, жұмысқа бейімделу процесін жеңілдету, әртүрлі мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасу мақсатында А.Байтұрсынов атындағы BINOM school мектеп-лицейінің педагог-шебері А.С. Габдрашитова мен Білім-инновация лицейінің мұғалімі, тренер Д.Балмасов «Қалың қалай, жас маман?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Семинар соңында жас мамандарға түрлі эмоционалдық қиындықтарды тиімді шешу, жұмысына деген сенімділігін күшейту, кәсіби тұрғыда дамуына ықпал етуге көмектесу үшін №107 мектеп-лицейінің психологі Ж.Б.Толеубаева «Жас маманның кәсіби өсуіндегі ішкі мотивацияны табу» тақырыбы бойынша ақыл-кеңес берді.

Семинарға қатысқан барлық жас мамандар өткізілген іс-шараға белсенді қатысып, соңында кері байланыс беріп, «Кәсіби өрлеу алаңы» клубының жас мамандар үшін құнды екендігін айтып, өз тілектерін білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *