Астана қаласы Әдістемелік орталық жоспарына сәйкес Астана қаласының физика, химия, биология пәндерінің жас мамандарына «Жаратылыстану пәндерін оқытуда интерактивті виртуалды, сандық зертханалық жұмыстарды практикады қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар 2 бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде жас мамандарға №93 мектеп-лицейінің педагогтері Г.Оспанова, Р.Тлеубаева, Ө.Төкен, К.Нөкерова, Б. Ырыскелді шебер — сынып, коучинг өткізді. Ал практикалық бөлімде жас мамандар топқа бөлініп практикалық жұмыс жасады.
1-топ. Күш датчигі арқылы денелердің өзара әсерлесуін және тұрақты күш әсерінен болатын қозғалысын сипаттау,
Тұрақты магниттегі магнит өрісін сандық лабораторияда тексеру;
2-топ Жуғыш заттар және жеміс-жидектердегі рН көрсеткішін өлшеу;
3-топ Тұқымның өнуі үдерісінде жасушалық тыныс алу кезіндегі көмірқышқыл газының бөлінуі.
Семинар соңында кері байланыс беріліп, мектепке экскурсия жасалды.