2025 жылғы 12 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен № 101 орта мектепте «Жаратылыстану мен математикалық ғылымдар саласындағы жасанды интеллект: инновациялар және келешек мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – жасанды интеллекттің жаратылыстану және математикалық ғылымдарға ықпалын зерделеу, білім беру жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын талқылау, педагогтер мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Аталған іс-шараға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, арнайы және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері белсенді түрде қатысып, өздерінің ғылыми мақалалары мен баяндамаларын ұсынды.
Пленарлық отырыс аясында спикерлер мазмұнды іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Олар жасанды интеллекттің білім беру үрдісіндегі мүмкіндіктері, инновациялық шешімдер мен технологияларды пәндік оқытуға интеграциялау жолдары туралы ой қозғап, қатысушылармен өзара пікір алмасты.
Пленарлық жиыннан соң секциялық бағдарлама бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын тапты.
Конференция нәтижесінде ұсыныстар жинақталып, педагогикалық қауымдастықтың инновациялық көзқарастары мен тәжірибелері ғылыми жинақ түрінде жарияланатын болады.