Жалпы білім беру ұйымдары педагогтері мен арнайы мамандарына және ОІЖ орынбасарларына арналған практикалық семинар

2025 жылғы 13 наурыз күні Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдары педагогтері мен арнайы мамандарына және инклюзивті білім беруге жауапты оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ақпараттық технологияны қолданудың тиімді тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум өтті.

М.Жұмабаев атындағы 65 мектеп-гимназиясында пән мұғалімдері, арнайы мамандар, директордың орынбасарлары шебер сыныптарда іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті тақырыптарға толық тоқталды.

Семинар барысында шебер сыныптарда:

— инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда мектеп әкімшілігі қызметінің рөлі;

— жалпы білім беретін мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыруда АКТ технологияларын қолданудың әдіс-тәсілдері;

— ЕББҚ бар балаларға арналған білім беру бағдарламалары: бейімделген және жеке бағдарламаларындағы тапсырмаларды құрастыруда ЖИ қызметі;

— ЕББҚ бар балаларды әлеуметтік бейімдеу, дарындылығына қолдау білдіру;

— ППҚ құрамындағы мамандардың, педагог-ассистенттердің ЕБҚ балалармен жұмысын цифрландыру мәселесі талқыланды.

Астаналық мектеп педагогтері шебер сыныптарда көтерілген мәселелер бүгінгі таңда өте өзекті екенін айтып, алдағы уақытта қандай тақырыптар бойынша әдістемелік көмек қажет екендігі жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *