Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сай 2021 жылдың 5 қараша күні «№8 мектеп-лицейі» КММ «Жалпы білім беретін мектептегі арнайы педагог қызметі» тақырыбында қалалық оқыту семинары ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру қолға алынып отыр. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру барысында арнайы педагогтің ролі ерекше.
Семинардың мақсаты: қала мектептеріндегі арнайы мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, нормативтік құжаттармен таныстыру және озық іс-тәжірибе алмасу. Семинарда жалпы білім беретін мектептердегі арнайы педагогтің жүргізетін құжаттар тізбесі толық көрсетіліп, жұмыс барысында кездесетін сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар, ерекше білім берілу қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс жасау барысында арнайы педагог қолданатын әдіс-тәсілдер мен шебер сыныптар, ойын түріндегі сабақтар көрсетілді.
Семинар қатысушылары шебер сыныптар мен тренингтерге қатыса отырып, оқушымен жүргізетін жұмыс түрлерін тәжірибе жүзінде өздері жасап көрді.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған өзекті сұрақтарға жауап алды және одан әрі ұйымдастырылатын іс-шаралар үшін ұсыныстар айтылды. Оқыту семинарлары ай сайын жалғасын табатын болады.