«Жәндіктердің биоәртүрлігін зерттеудегі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдылығы» экспериментік алаң аясында қалалық семинар

2025 жылғы 23 сәуір күні № 80 «Ботақан» балабақшасы базасында «Жәндіктердің биоәртүрлігін зерттеудегі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдылығы» эксперименттік алаң аясында қалалық семинар өтті. Семинарға 30-дан астам мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлерімен мен педагогтері қатысты.

Іс-шара барысында «Өсімдіктер мен жәндіктер әлемінде», «Қызыққа толы – ұлулар әлемі», «Ғажайып жәндіктер әлемі» ұйымдастырылған ойын, зерттеу іс- әрекеттері, «Мектепке дейінгі білім ұйымдарындағы жасанды интеллект технологияларын қолдану тиімділігі» тақырыбында шебер-сынып өткізіп тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыс беріп, эксперименттік алаң жұмысының перспективті жоспарын талқылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *