Жаңа өтініш форматы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімі 2023 жылы 19 мамырда елорда педагог-психологтарының сараптамалық, шығармашылық тобының отырысын ұйымдастырды, 15 тәжірибелі маман қатысты. Сараптама тобының мүшелері ереженің жобасын, QR-кодтар бойынша психологиялық қызметке өтініштерді әзірлеу бойынша жұмыс жүргізді. Отырыста психологиялық қызметтің барлық мүшелерінің бірлескен өзара іс-қимылының тікелей алгоритмі мәселелері талқыланды. QR-код бойынша директорға, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, әлеуметтік педагогке, медицина қызметкеріне, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерге және психологқа жүгіну көзделеді, консультативтік педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық және психологиялық көмекке жүгіну түрін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *