«Zertte» журналы редакциялық алқасының отырысы: Ұсынылатын ғылыми басылымдар тізіміне енгізуге дайындық

2025 жылғы 21 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК білім саласындағы зерттеу және ынтымақтастық бөлімінің ұйымдастыруымен «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналы редакциялық алқасының онлайн отырысы өтті.

Отырыс барысында «Zertte» журналын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізіміне енгізу үшін қойылатын талаптар қарастырылды. Редакциялық алқа мүшелері:

— ҚР Білім және ғылым министрінің 12.01.2016 ж. № 20 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар»;

— ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 3.10.2024 ж. № 883 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне ғылыми басылымдарды енгізу жөніндегі ұйымдардың өтінішхатын қарауға арналған әдістемелік ұсынымдар» бойынша өз пікірлерін білдірді.

Талаптарға сәйкес редакциялық алқа құрамын жетілдіру және жарияланымдардың сапасын арттыру да назардан тыс қалмады.

Отырыстың қорытындысы бойынша басым бағыттар анықталып, қажетті құжаттарды даярлауға көмек беретін жұмыс тобы құрылды.

«Zertte» журналының деңгейін арттыру және кәсіби қауымдастықтағы беделін күшейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *