2024 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Ш.Мұртаза атындағы № 63 мектеп-гимназиясында «Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: сабақта және сабақтан тыс қызметте жаһандық құзыреттілікті қалыптастыруда оқушылардың заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларының ерешеліктерімен таныстыру. Семинарға білім беру ұйымдарының Жаһандық құзыреттіліктен сабақ беретін мұғалімдер және педагог – психологтары қатысты.
Семинар барысында қатысушыларымен ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, «Кейс- әдісі», «Ай-Күн және Пульс» сергіту сәті, психологиялық тренинг «Қағаз оркестрі», «Дене биі» және түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер – сыныптар өткізілді. Іс – шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды.