2025 жылғы 17 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес, «Кәсіби өрлеу алаңы» жастар клубы аясында Quantum TECH мектебінде «Заманауи технология мен өнерді сабаққа интеграциялау» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараға қала мектептерінің жас мамандары қатысты.
Мақсаты: оқушылардың креативтілігін, қиялын және оқу үдерісіне белсенді қатысуын дамыту мақсатында заманауи технологиялар мен бейнелеу өнерін білім беру процесіне біріктіру мүмкіндіктерін көрсету, сондай-ақ мұғалімдердің пәнаралық тәсілдерді қолдану саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында спикерлер өз іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып қазіргі заманғы цифрлық ортада оқушының қызығушылығын ояту жолдарын көрсетті. Қатысушыларға AR/VR технологиялары, 2D және 3D-дизайн, цифрлық құралдар мен бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері ұсынылды.
Семинар мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және пәнаралық тәсілдерді білім беру процесіне тиімді енгізуге бағытталды.