2023 жылғы 04 мамырда Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «Заманауи сабақ-тиімді әдістер» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Іс-шара мақсаты — жас педагогтердің кәсіби өсуі мен дамуына ықпал ету, әдістемелік қолдау көрсету. Семинарға білім беру ұйымдарының үздік, тәжірибелі музыка пәні мұғалімдері мен жас мамандар қатысты.
Семинар аясында №89 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Г.К.Карашаева «Дәстүрлі сабақ пен заманауи сабақтың өзіндік ерекшеліктері» атты шебер сыныбын, Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Л.К.Аббасова «Музыка сабақтарында қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», №70 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Г.Хадыл «Заманауи сабақ-тиімді әдіс», Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Д.М.Байтілеуов «Музыка сабақтарында «Finale» бағдарламасын қолдану әдістері мен тәсілдері», HURORDA мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Ю.Д.Мустафанов «Музыка сабағында қолданылатын технологиялар және балалар әндерін заманауи үлгіде өңдеу» тақырыбында шебер сабақтар өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.Семинар соңында рефлексия ұйымдастырылды, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.