Ы.Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп, информатика пәні мұғалімдерімен «Білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу» тақырыбында  кездесу ұйымдастырды

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2025 жылдың 10 қазан күні сағат 15.00-де Ы.Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп, информатика пәні мұғалімдерімен «Білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу» тақырыбында  кездесу ұйымдастырды. 

Кездесу барысында жасанды интеллектті орта білім беру жүйесінде қолдану жолдары,  ЖИ-ға қатысты негізгі концепциялар мен платформалар, академиялық адалдық пен этикалық стандарттарды сақтау, ЖИ құралдарын талдау және тиімді пайдалану мәселелері қарастырылады.

Сондай-ақ, информатика пәні мұғалімдерінен қазақ және орыс тілдерінде келесі сұрақтар қойылды:

  1. Қазақстан мектептеріне қолжетімді, тегін әрі қауіпсіз жасанды интеллект платформалары қандай?
  2. ЖИ қолдану кезінде оқушылардың дербес деректерін қорғау мәселесі қалай шешіледі?
  3. Қазақстан мектептерінің материалдық-техникалық базасы қаншалықты дайын? Нақты және сенімді платформалар ұсыныла ма?
  4. Көптеген ЖИ платформалары ақылы. Қандай тегін немесе тиімді нұсқаларды ұсынар едіңіз?
  5. Какова новая роль учителя информатики в эпоху ИИ – не просто передатчика знаний, а медиатора, наставника и организатора критического анализа информации?
  6. Как обеспечить справедливость и точность при использовании ИИ для оценки знаний учащихся?

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *