Ұлттық құндылық негізінде пәндерді оқыту: теория мен тәжірибе

Астана қаласы әкімдігінің Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде             2025 жылдың 11 ақпан күні  «Ұлттық құндылық негізінде пәндерді оқыту: теория мен тәжірибе» тақырыбында қалалық семинар болып өтті.

       Семинардың мақсаты: пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарды тәжірибеге енгізу, іс-тәжірибемен бөлісу

        Семинарға Астана қаласы әдістемелік орталығының әдіскерлері: Мәдениет Қабатұлы, Маман Жанар Сейдахметқызы, Аят Сәбитович және қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.

     №40 жетекші мектептің ұйымдастыруымен өткізілген аталған іс-шараға серіктес болған №76,40,41,58 мектеп ұстаздары пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарды тәжірибеге енгізу іс-тәжірибемен бөлісіп, шебер сыныптар көрсетіп, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды. Семинар барысында ұлттық құндылықтарды білім беру процесіне ықпалдастырудың маңыздылығы жан-жақты талқыланып, тәжірибелік ұсыныстар берілді. Семинарға қатысқан ұстаздар не үйренгенін ортаға салып, болашақта тәжірибелерінде қолданатындықтарын, өз біліктерін арттыруда көмек, қолдау болғандығын атап, оң пікірлерін қалдырса, әдіскерлер іс-шараны қорытындылап, маңыздылығын атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *