Ұлттық музейде «Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» тарихи комикстің алғашқы шығарылымының тұсау кесері өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы ұйымдастыруымен 2025 жылғы 12 ақпан күні Ұлттық музейде «Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» тарихи комикстің алғашқы шығарылымының тұсау кесері өтті.

Комикстің негізгі сюжеттік идеясы ортағасырлық Бозок қалашығының археологиялық қазбаларының тарихи мәліметтеріне негізделген, бұл еңбектің 3 тілде жарық көретіндігі айтылды.

Аталған іс-шараға шығармашылық зиялы қауым, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен елорданың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Іс-шара аясында қатысушылар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы балалар әдебиетінің маңыздылығын, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және білім беру жобалары талқыланды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *