Ұлағатты ұстаз, білікті басшы, Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясының тұңғыш директоры Іргебай Ербол Ісләмұлының білім беру саласына қосқан үлесін және ұрпақ тәрбиелеудегі өнегесін дәріптеу, сондай-ақ қазіргі білім беру жүйесіндегі басқарудың жаңа моделін насихаттау мақсатында «Білім берудегі және басқарудағы трансформация» қалалық ғылыми-танымдық конференциясы
Ұйымдастырушылар: «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназиясы.
Конференцияның мақсаты: Заманауи білім беру технологияларын, соның ішінде жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды, сондай-ақ эмоционалдық интеллектті дамыту әдістерін тиімді пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және білім беру ұйымдарында басқарудың жаңа моделін насихаттау.
Конференция қатысушылары: директор орынбасарлары, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдері, әдіскерлер.
Өтетін орны: Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназиясы, мекенжайы: Астана қ., Қорғалжын тас жолы 37\1.
Өтетін күні, уақыты: 29 қазан 2025 жыл
Өткізу тілі: қазақша
Өткізу форматы: офлайн
Конференцияны өткізу тәртібі
Конференция екі бөлімнен тұрады:
Пленаралық
Секциялық
Конференцияға қатысу үшін материалдарды yseminar@list.ru электронды почтасына жіберуге болады.
Ақпарат үшін контактілер: Айтуғанов Бауыржан Серікұлы, +77714251011.