2025 жылдың 15 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес З.Г. Мурзағұлова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі базасында Астана қаласының медициналық колледж студенттері арасында «Үздік анатом – 2025» қалалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: 1 курс студенттерінің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету және дәрігер мамандығының имиджін көтеру.
Байқау жалпы кәсіптік пәндер «Анатомия», «Физиология», «Латын тілі» пәндер бойынша интеллектуалды квест — ойыны түрінде ұйымдастырылды. 8 конкурстық тапсырманы орындау барысында жүлдегер және жеңімпаздар анықталды.
Ⅰ-дәрежелі дипломмен Республикалық медицина академиясының «AnatoMiks» командасы, ⅠⅠ-дәрежелі дипломмен Жоғары медициналық колледжінің «Алтын нейрон» командасы және «Томирис» медициналық колледжінің «Гипофиз» командасы, ⅠⅠⅠ-дәрежелі дипломмен «Шипагер» медициналық колледжінің «ANATOMI LUVENES» командасы және «Анатомия әлемнің жұлдыздары» Медициналық-техникалық колледжінің командасы марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.