2023 жылдың 21 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен тәжірибе алмасу мақсатында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Тренинг-оқушыларды белсенді оқыту нысаны»тақырыбымен шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сабақтың мақсаты — сенімді жағдай жасау, стресске төзімділікті арттыру және педагогикалық процеске қатысушылардың алаңдаушылығын азайту, жанжалды жағдайларды сындарлы шешу.
Шеберлік сабақта №31 мектеп-гимназиясының педагог-психологы – Астрелина И.В. «Тренинг-оқушыларды белсенді оқыту нысаны»тақырыбыментеориялық дәріс беріп, «Ертегі», «Стресстік жағдайлар», «Броундық қозғалыс», «Репортаж», «Ал, кәнекей амандасайық!» топтық және жеке жаттығуларды жүргізді. №59 мектеп-лицейінің педагог-психологы Батталова Г.А. «Жанжалдарды шешуді үйрену» тақырыбымен педагог-психологтарға ұжымда туындайтын мәселелердің шешімін табу жолдарын терең де жан-жақты қамтыды. Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты «педагогикалық еңбек, қызметтегі қақтығыстар», инновациялық (жаңалықтар енуімен байланысты) қақтығыстарды өз алдына бөліп жеке қарастырды.
Семинар соңында педагог- психологтармен кері байланыста өзекті мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып, қажетті кеңестер алғандарына алғыстарын білдірді.
Семинарға Астана қаласы білім беру ұйымдарының 26 педагог-психологы қатысты.