Елордалық №30 «Қайнар» балабақшасында пилоттық жобадағы мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтерімен тәжірибе алмасу және кәсіби шеберлік қарым-қатынас шеңберін кеңейту мақсатында «Тілге бойлау» республикалық пилоттық жоба аясында «Мен қазақша білемін» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.
Қалалық іс-шара «Жан сергіту бастамасы» атты позитивті бірлікке бағытталған жаттығумен басталып, «Қызықты ойындар», «Ұлттық ою-өрнектер», «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы», «Қоржындағы құндылық», «Қазақ тілін үйретуге арналған қызықты ойындар» тақырыбында шебер-сыныптар мен ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті көрсетілді.
Семинарға Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тіл саясатын ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі және пилоттық жобаға қатысушы 20 балабақшаның тәрбиешілері мен қазақ тілі педагогтері қатысты.