Семинардың негізгі мақсаты — балалардың қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту, олардың тілге деген қызығушылығын арттыру. Семинар барысында педагогтер қазақ тілінің маңыздылығы мен оны балабақшада тиімді үйрету жолдары туралы тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, балалардың қазақ тілін еркін меңгеруіне бағытталған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен ойындар ұсынылды.
Семинарда қатысушылар балаларға қазақ тілінде дұрыс сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын инновациялық әдістер мен педагогикалық құралдарды талқылады. Бұл жоба балабақшадағы қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыруды, сондай-ақ тілдің мәні мен маңыздылығын ұғындыруды көздейді.
Семинарға балабақша тәрбиешілері, әдіскерлер және қазақ тілі педагогтері қатысып, «Тілге бойлау» пилоттық жобасының тиімділігін арттыру бойынша пікір алмасты.