«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтердің әдістемелік жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы әдістемелік десант

2026 жылдың 20 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері М.Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжінің педагогикалық ұжымына «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтердің әдістемелік жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өткізді.

         Семинарда әдіскер Исина Н.С., Есенбекова А.Е. педагогтерді авторлық жұмыстарды дайындау, «Заманауи сабақ: жоспарлау, әдістеме, құрылым, оқу нәтижелерін бағалау»  тақырыбында педагогикалық тренингін  өткізді, сонымен қатар педагогтерді аттестаттау процедурасының негізгі кезеңдерімен және жұмыс тәжірибесін жинақтау ретімен таныстырды. Семинардың соңында «Сабақты цифрлық трансформациялау: оқытушыға арналған практикалық құралдар» тақырыбында шебер-сыныптар өткізілді. Колледж педагогтері іс-шараның өзектілігі мен мазмұндылығын  атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *