Астана қаласы әкімдігі «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 22 мамыр күні №38 мектеп-лицейінің базасында «Тарих пәнін оқытудағы мәселелер» атты ТED-x форматындағы қалалық оқыту семинарын тарих пәні мұғалімдеріне өтті. Семинарда алғы сөзді мектеп-лицейдің директоры Қ.К. Муканов алған соң, модератор Әдістемелік орталықтың әдіскері
Д. Амиргалиева «Мектептегі тарих пәнінің оқытылуы» тақырыбындағы баяндамасында оқушылардың білім сапасын көтеруде пән мұғалімдерінің атқарып жатқан жұмыстарына, әр түрлі әдіс-тәсілмен сабақ өтілген іс-тәжірибеге торқталды. Қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ қала маңындағы мұражайларда өткізген сабақтың берері молдығына сараптама жасады.
Бағдарлама бойынша Г. К. Иманбаева 9 «Е» сын. Қазақстан тарихы пәнінен ««Мәңгілік ел» ұлттық идеясы» тақырыбында, 7 А сын. Қазақстан тарихы пәнінен «ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақтардың ауызша тарихи дәстүрлерінің дамуы» тақырыбында С.М. Дәулет №38 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімдері ашық сабақты ТED-x форматында өткізіп, оқушылардың білімдерін көрсете білді. Әріптестер Г.М. Кабылдина Ж.Жабаев ат. №4 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі «Тарихты мәтінмен түсіну», Ө.Р. Шнанов Ә.Бөкейхан ат.№76 мектеп-лицейі тарих пәні мұғалімі «Оқушылардың тарихи танымын арттырудағы мұражайлар ролі», Г.К. Кунанбаева №70 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі «Топтық жұмыста рөлдік ойындардың маңызы», Ж.С. Накипбекова №63 мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі «Тарих сабағын оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Қазақ жерінің тұтастығын сақтаушы-Жұмабек Ташенов» 9 сыныпқа арналған вариативті курс бағдарламасымен А.А.Сагитова 38 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі таныстырды.
Д Амиргалиева Әдістемелік орталықтың әдіскері семинар жұмысын қорытындылап, әріптестер кері байланыс берді.