2025 жылғы 31 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» жоспарына сәйкес, Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қалалық «ТалқыLike» оқырмандар клубының алғашқы отырысы өтті. Әдістемелік орталықтың әдіскері Кайркенова Жанар Муслимовна қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) мұғалімдерін «ТалқыLike» оқырмандар клубының ерекшелігімен таныстырып, Ерболат Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік» және «Министр» әңгімелері талқыланды.
Отырыс барысында, Алматы қаласында тұратын жазушы, Ерболат Әбікенұлы онлайн түрінде тікелей байланысқа шығып, оқырмандар клубы қатысушыларының барлық сұрақтарына жауап берді. Автор оның кейіпкерлері – тіршіліктің түрлі қиылысына түскен, қоғам қайшылықтары, екіұшты тіршілік, жалған және ескірген құндылықтар, жаһандану көрінісі мен жемістерін бастан кешіріп жатқан жастар екендігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, «ТалқыLike» оқырмандар клубының қатысушылары тақырыпқа қызығушылық танытып, ой-пікірлерімен бөлісті. Алдағы уақытта осындай өзекті тақырыптағы шығармаларды талқылау ұсынылды. «ТалқыLike» оқырмандар клубының отырысына қатысқан тіл жанашырлары ұйымдастыру деңгейіне оң бағасын берді.