2025 жылдың 24 мамырында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні мұғалімдерінің «ТалқыLike» оқырмандар клубының кезекті отырысы өтті. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «ТалқыLike» оқырмандар клубы мен қалалық «Алқа» әдеби-мәдени оқырмандар клубының мүшелері кездесіп, Е.Бөкетовтің «Жас Қаныш» шығармасын талқылады.
Талқылау барысында Қаныш Имантайұлының балалық шағы, отбасындағы тәрбиесі, әсіресе әкесі Имантай бидің бала тәрбиесіндегі рөлі кеңінен қозғалды. Сонымен бірге, Қаныштың ғылымға деген алғашқы ынтасы мен тұлғалық қалыптасуындағы маңызды сәттері туралы сөз қозғалды. Е.Бөкетовтің көркем тілмен өрнектеген эпизодтары арқылы сол кезеңнің ұлттық құндылықтары мен тәрбие беру үрдістері сараланды. Тың тарихи мәліметтер мен әдеби детальдер негізінде қызу пікір алмасу орын алды.
Клуб мүшелері Қ.Сәтбаевтың тұлғасын тануда көркем шығарманың маңызы зор екенін атап өтті. Әңгіме соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, болашақта осындай мазмұнды әдеби кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастыру қажет деген ұсыныстар білдірді.