«Талант, ғылым, шеберлік» атты ғылыми –тәжірибелік кампус өтті

2025 жылдың 28 қаңтары күні Астана қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Талант, ғылым, шеберлік» атты ғылыми –тәжірибелік кампус өтті.

Мақсаты: колледж педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасау және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.

Аталған іс-шарада «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған ХⅠ қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Конференцияның негізі жұмыс бағыттары:

— Кәсіби білім беру жүйесі: жұмысшы кадрларды даярлау тәжірибесі және колледждің даму перспективалары;

— Қазіргі заманғы сабақ жағдайында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;

— Қоғамның экономикалық дамуы және кәсіби кадрларды даярлау;

— Цифрландыру: жаңа трендтер және оқу процесіне енгізу тәжірибесі;

— Әлеуметтік-экономикалық пәндерді оқыту барысында кәсіби құзыреттерді қалыптастыру;

— «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және құндылыққа бағытталған тұлғаны қалыптастыруға арналған тәрбие стратегиялары;

— Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін кедергісіз білім беру ортасын құру.

Шараның практикалық кезеңінде диалог алаңдар, дөңгелек үстел, панельдік дискуссиялар, BarCamp — антиконференциясы, педагогикалық коллоквиум және т.б. отырыстар өткізілді.

Колледж педагогтері және іс-шара қонақтары «Жас дизайнерлердің идеялары», «Дәмді нан құпиялары» жұмыстарының көрмелерін көріп, «Мамандықтар әлемін ашу» шеберлік сыныптарына, «Ұстаз болу — өнер» педагогикалық коллоквиумына, бук-кроссингтерге қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *