Астана қаласы Әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 30 сәуір күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік вебинар өткізілді. Онлайн форматта ұйымдастырылған бұл іс-шарада тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы өзекті мәселелердің бірі – мониторинг жүйесінің тиімділігі мен білім беру ұйымдарында жүзеге асыру жолдары қарастырылды.
Вебинар барысында №43 Қосымша білім беру мектеп орталығы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Саттыбаева Кулаш Кенжебаевна «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: мониторинг жүргізу тәсілдері» өз тәжірибемен бөлісіп, нақты әдістер мен құралдарды таныстырды.
Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Искакова Айман Аскаралиевна «Тәрбие жұмысындағы тиімді рейтингтік жүйе» тақырыбында мектеп ішіндегі рейтинг жүйесінің ерекшеліктерін және оның тәрбиелік ықпалы туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Вебинар қатысушылары ұсынылған тәжірибе мен әдістемелік ұсыныстар арқылы тәрбие процесіндегі мониторинг жүйесін жетілдіру бағытында пайдалы ақпараттар алып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.