2023 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында Халықаралық зияткерлік даму институтының (IMEI) директоры, профессор Джо Гю Юн Астана қаласының білім басқармасы өкілдерімен, жалпы орта білім, кәсіптік техникалық білім беру басшыларымен кездесті.
Профессор Джо Гю Юн форум қатысушыларына «Бақытты өмір үшін салауатты ойлау» тақырыбында маинд-лекция өткізді. Дәріс барысында баланы адамгершілікке тәрбиелеу және тұлғаны дамыту қажеттілігі туралы айтылды. Сонымен қатар, Оңтүстік Корея елінің көшбасшылық жетістігінің құпиясы салауатты ойлау жүйесі мен өмір салты туралы бөлісті.
«Көптеген жылдар бойы жапондық оккупация, одан кейін соғыс әсерінен ең кедей ел болдық. Ештеңеге қарамастан халқымыз жоқтан барды жасады. Сансыз әрекеттер жасалды. Адамның санасы сол кезде ғана қайта жандана бастайды, халықтың рухы күшейеді. Рухы биік халықтың сағын сындыру мүмкін емес. Корея жетістігінің құпиясы – міне, осы», — деді профессор Джо Гю Юн.