2025 жылғы 7 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша онлайн форматта «Сыныпта инклюзивті оқыту және оқушылардың зейінін шоғырландыру тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Іс-шараға Астана қаласының білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдері қатысты. Семинар барысында инклюзивті білім беру әдістемелері мен оқушылардың зейінін шоғырландырудың тиімді тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, Астана қаласының мектептеріндегі физика пәні мұғалімдерінің инклюзивті білім беру мәселелері бойынша сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша зерттеу жұмысы ұсынылып, талдауы талқыланды.
Қатысушылар инклюзивті оқытудың маңызы, физика сабағында инклюзивті әдістерді енгізу жолдары және зейін шоғырландырудың психологиялық аспектілері туралы өзара пікір алмасты. Модераторлар мен спикерлер осы тақырып бойынша баяндамалар жасап, мұғалімдерге практикалық кеңестер берді.
Семинар соңында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту әдістерін жетілдіру жолдары мен инклюзивті білім беру бойынша келешектегі қадамдарды айқындап, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.