2024 жылғы 10 қазан күні Астана қаласының №59 мектеп-лицейінде сынып жетекшілері қауымдастығының ІІІ отырысы өтті. Отырыс барысында «Тәрбиенің негізі – ұлттық құндылықтарда», «Сынып жетекшілерінің өзіндік имиджі және тәрбие құндылығы», басқа да жұмыстарына қатысты ағымдағы тақырыптар қарастырылды. Сондай-ақ, сынып жетекшілері қауымдастығының жаңа төрағасы сайланып, құрамына жаңа мүшелер қабылданды. Қауымдастықтың алдағы оқу жылында атқаратын жұмыстары, мақсат-міндеттері айқындалды.