2025 жылдың 12 наурыз айында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес, №71 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қалалық «ТалқыLike» оқырмандар клубының кезекті отырысы өтті. Отырыста Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың», «Сорлы бұлбұл жазға асық боп» өлеңдері талқыланды.
Мақсаты: Шәкәрім мұраларындағы құндылықтарды бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып талдау.
Кітапсүйер қауымның басын қосқан бұл ерекше шарада қатысушылар арасында пікірталас жүргізді. Әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттырып, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Санжар Керімбай, Таласбек Әсемқұлов сияқты қаламгерлердің шығармаларымен танысуға мүмкіндік берген іс-шара жылы атмосферасымен есте қалды.
Қатысушылар талқылауға ұсынылған үш кітап жайында ой қозғап, Санжар Керімбай мырзаның шәкірті, «Алқа» білім академиясының оқытушысы, этнопедагог Н. Кәрібаймен кездесті. Ол сопылық әлемнің мәні мен маңызын тереңірек түсіндіріп, шараның рухани мазмұнын байыта түсті.
Оқырмандардың белсенділігі мен талдау қабілеті бұл шараның маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Әдебиет әлеміне жаңа серпін берген «Талқыlike» оқырмандар клубының тіл жанашырлары ұйымдастыру деңгейіне оң бағасын берді.