Шығармашылық тобының отырысы

2025 жылдың 9 қазан күні қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Жанар Сейтахмет шығармашылық топ мүшелерінің кезекті отырысын өткізді. Отырыстың негізгі мақсаты – 20252026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын айқындау, пәндік бағыттағы өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу бойынша тиімді іс-шараларды белгілеу болды.

Жиын барысында пәнді оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту, оқу бағдарламаларын іске асырудағы қиындықтар мен олқылықтарды анықтау, қалпына келтіру тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар, оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру, заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстардың мазмұны сараланды.

Шығармашылық топ мүшелері ортақ пікірге келіп, пән бойынша туындаған проблемаларды шешу жолдарын ұсынды. Нәтижесінде жаңа оқу жылына арналған нақты іс-қимыл жоспары бекітіліп, жауапты тұлғалар айқындалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту сапасын жетілдіру, әдістемелік қолдау көрсету және педагогтердің кәсіби дамуын ілгерілету бағытындағы бірқатар шешімдер қабылданды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *