«Шығармашыл педагог» конкурсының қорытындысы

Әдістемелік орталықтың жылдық жоспарына сәйкес педагогтердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру, кәсіби өсуіне ықпал жасау, шығармашыл педагогтердің тәжірибесін таратып, тәжірибе алмасуға қолдау көрсету мақсатында 7, 27 қаңтар күндері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында «Шығармашыл педагог» конкурсы өтті.  

Конкурс қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін дамытуға бағытталған. Қатысушылар ЖИ арқылы тілдік дағдыларды (айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым) дамыту және қалыптастырушы бағалауды автоматтандыру бойынша зерттеу мақаласын жазып, бейнежазба түсіріп, ЖИ құралдары арқылы бағалауды жақсарту мен білім жетістіктерін жүйелі бағалау әдістерін ұсынды. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *