2025 жылғы 4 наурызда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен №111 орта мектебінде «Шеберден тәлім» жобасы аясында «Сабақ сапасы — ұстаз біліктілігінде» атты қалалық семинар өтті. Шараның мақсаты – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда үздік тәжірибемен бөлісу.
Семинардың пленарлық отырысында физика сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып оқытудың рөлі мен маңызы жөнінде айтылды. №101 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Есжанова Бахтыгуль Токтаровна және №111 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Джанкиева Баян Хамиджановна қатысушыларды үш топқа бөліп, STEM технологияларын сабақта қолданудың маңыздылығын физикалық тәжірибелер орындау арқылы талқылады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытұлы атындағы №24 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Ахметова Ақмарал Кожагелдиевна 8-сынып оқушыларына «Электромагниттер және оларды қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Семинар соңында қатысушылар алған білімдері мен тәжірибелері бойынша рефлексия жүргізіп, ой бөлісті. «Шеберден тәлім» жобасы аясындағы «Сабақ сапасы — ұстаз біліктілігінде» атты қалалық семинар физика пәнінде заманауи әдістерді қолдануға үлкен септігін тигізеді.