«Шебер ұстаз – сапалы сабақ» оқырмандар конференциясы өтті

2024 жылғы 27 қарашада №22 мектеп-гимназиясында «ОҚУ TIME» жобасы аясында Дуг Лемовтың «Шебер ұстаз» шығармасы бойынша «Шебер ұстаз – сапалы сабақ» оқырмандар конференциясы өтті.

Конференция мақсаты: Дуг Лемовтың оқу мен тәрбие үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдерін сараптау, ұстаздардың білім беру сапасын арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстарды талқылау.

Аталған іс-шараға Астана қаласының білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) мұғалімдері қатысты. Әдістемелік орталықтың әдіскері Кайркенова Жанар Муслимовна мұғалімдерге бағыт-бағдар беріп, конференцияны ашты. Сонымен қатар белгілі кітап насихаттаушы блогер, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, «Бұлақ» кітап дүкендер желісінің иесі Айнұр Бұлақбай «Кітап – бала тәрбиесіне берілетін қуатты құндылық» тақырыбында мұғалімдермен пікір алмасты.

Ұйымдастырушылар автор туралы мәлімет бере отыра, шығармада ұсынылған әдіс-тәсілдерді пән мұғалімдерімен талқылап, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Оқырмандар конференциясына қатысқан ұстаздар өткізілген іс-шараға белсенді қатысып, өз ойларын айтып, кері байланыс берді. №22 мектеп-гимназия мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *