«SHARE халықаралық жобасы аясында Action research: Біз нені үйрендік?» тақырыбында шағын-конференция

2025 жылғы 01 наурыз күні халықаралық SHARE жобасы аясында жылсайынғы шағын-конференция өтті. Конференцияға 300-ден астам жобадағы педагогтер мен «Назарбаев интеллектуалды мектептер» ДББҰ, Астана қаласының педагогикалық шеберлік орталығы өкілдері және Кембридж университетінің құрметті профессоры Коллин Маклафлин мен білім саласындағы зерттеуші Кейт Эванс,  қауымдастырылған PhD профессоры Назипа Аюбаева қатысты.

Конференция барысында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Досмухамет Анар Досмухаметовна шағын конференцияны ашып құттықтау сөз сөйледі.

Панельдік сессияның дискуссиялық алаңында спикерлер Коллин Маклафлин, Кейт Эванс, Назипа Аюбаева, Асель Бейсембинова, Сауле Аскарова жоба аясындағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысы бойынша ойлары және тәжірибелерімен  бөлісіп сұрақтарға жауап берді.

«Ашық кеңістік» дискуссиялық алаңында жобадағы елорданың 26 және 10 Назарбаев интеллектуалды мектептерінің зерттеуші-педагогтері зерттеу сұрақтарын талқылап тәжірибелерімен бөлісті.

Конференцияның «Постер-сессия» бөлімінде зерттеуші-педагогтер жүргізіліп жатқан зерттеулердің  нәтижелерін ортаға салды.

Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыс беріп, конференция жұмысы қорытындыланды, ұсыныстар шығарылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *