2023 жылғы 24-25 сәуір аралығында SHARE халықаралық жобасы қатысушыларына арналған Кембридж университетінің профессоры Коллин Маклафлин мен зерттеуші Кейт Эванстың қатысуымен вебинарлар өтті.
Онлайн кездесу аясында келесі сұрақтар қозғалды:
- сынып ішіндегі зерттеудің негізгі мақсаттары;
- кейс-стади: Боттишам мектебінің тәжірибесінен мысалдар;
- SHARE мектептерінің зерттеу аясында жинаған мәліметтері бойынша негізгі тұжырымдар.
Вебинар аясында қатысушылар өздерінің мектеп топтары ішінде, сондай-ақ басқа мектеппен жұптасып, қаралған бейнематериалдар бойынша бақылаудың негізгі қорытындыларын талқылады.
Сонымен қатар, мектептер білім алушыларды оқу процесіне тартуға арналған зерттеу аясында қабылданып жатқан іс-шаралармен, деректерді жинау барысында кездескен проблемалармен бөлісті.
Тәлімгерлік сессиясының нәтижесінде мектептерге жүргізіліп жатқан зерттеулер шеңберінде ұсыныстар айтылып, үй тапсырмалары берілді.