Сапалы  оқулық – сапалы  білім  негізі

2021 жылдың  5 қараша күні 5-11 сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтарының  мазмұны, оқу материалдары сапасының негізгі талапқа сай болуы және оқу үрдісінде қолдану ерекшелігін қарастыру мақсатында «Сапалы  оқулық – сапалы  білім  негізі»  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті.Вебинарда «Атамұра» баспасынан шыққан «Қазақ әдебиеті» оқулықтарының  авторлары Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ақтан Айман Советқызы, Семей қаласы №16 Төлеубай Аманов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрлыбаева Жанар Нұрахымқызы оқулықтың мақсат, міндеттері мен негізгі құрылымына тоқталды.

Сонымен бірге авторлар жаңартылған білім мазмұны аясында әзірленген «Қазақ әдебиеті» оқулықтарында оқушыларға көркем туындының мазмұнын игертумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген рухани-мәдени құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту, шығарманы ғылыми негізде талдау арқылы танымдық-шығармашылық жұмыстарға бағыттауға басымдық берілгенін атап өтті. Сондай-ақтапсырмалар жүйесі жаңартылған білім мазмұнына сай түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстыруға негізделіп құрылғанына, Блум таксономиясы (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) бойынша тапсырмаларды саралап бере отырып, білім алушының нәтижелі мүмкіндіктерін ашу көзделгеніне тоқталып өтті.

Пән мұғалімдері оқулықтағы оқу материалдарының қазіргі ғылым мен технологияның дәрежесіне сәйкес баяндалуы; жоғары идеялылығы, тәрбиелік міндеттерге сәйкестігі; мазмұнының бағдарлама мазмұнына сәйкес әрі түсінікті болуы; материалдарының оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы; дәл және анық, нақты қорытындылар, ережелер, заңдар мен анықтамалардың баяндалуы, тілдің жатық, әдеби және ықшам болып, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі; оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей иллюстрация, сурет, кесте, диаграмма, сызба мен сызулардың негізгі талаптарға сай болуы туралы өздерінің пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.

Маманова Жанар Сейтахметқызы, БЖО әдіскері, оқулықтағы оқу материалдарының қазіргі ғылым мен технологияның дәрежесіне сәйкес баяндалуы; жоғары идеялылығы, тәрбиелік міндеттерге сәйкестігі; мазмұнының бағдарлама мазмұнына сәйкес әрі түсінікті болуы; материалдарының оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы; дәл және анық, нақты қорытындылар, ережелер, заңдар мен анықтамалардың баяндалуы, тілдің жатық, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі жайлы заңдылықтарымен таныстырды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *