«Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша шеберлік сабағы

2025 жылдың 21 мамырында «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжі» мекемесі «WorldSkills ASTANA — 2025» чемпионаты аясында «Астана-Жылутранзит» АҚ базасында «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттерді «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша заманауи технологиялар мен жабдықтармен таныстыру, сондай-ақ өндірістік жағдайда жұмыс істеу дағдыларын дамыту болды.

Шеберлік сабаққа өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары, сондай-ақ келесі білім беру мекемелерінің студенттері мен өкілдері болды:

· Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс техникалық колледжі» ШЖҚ МКК;

· «Urban College» ЖШС;

· «М.Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжі» ЖШС;

· Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі» ШЖҚ МКК.

Шеберлік сабақ барысында «Астана-Жылутранзит» мамандары заманауи құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидаларын, монтаждау ерекшеліктерін нақты өндірістік жағдайда көрсетті.

Бұл шеберлік сабақ студенттерге «WorldSkills» конкурсына қатысу үшін қажетті тәжірибе алуға мүмкіндік берді. Олар кәсіби дағдыларын шыңдап, болашақта ел ішінде және халықаралық деңгейде өтетін байқауларға дайындықты арттырды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және еңбек нарығы талаптарына бейімделуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, колледждер мен өндірістік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *