2025 жылғы 10-12 желтоқсан аралығында Мәскеу қаласында «Прогресс» балалардың жан-жақты даму орталығы» қосымша білім беру бойынша Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің және «Nestle» компаниясының қолдауымен «Салауатты ұрпақ тәрбиелейміз» және «Біз сенің достарыңбыз» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеті аймақтарының 160-тан астам жоба үйлестірушілері қатысты.
Конференция аясында балалар мен жасөспірімдерде дұрыс тамақтану мәдениетінің негіздерін қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» және «Біз сенің достарыңбыз» бағдарламаларын жүзеге асыру тәжірибесі қарастырылды.
Сонымен қатар, іс-шарада «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасын жүзеге асыру әдістемелері және «Біз сенің достарыңбыз» әдістемелер байқауы өңіраралық турының қорытындылары шығарылды.
Өңіраралық турға қалалық және өңірлік турлардың 12 жеңімпаздары қатысты. Олар сабақ өткізу барысында қолданылатын жаңа формалар мен әдістер бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп алдағы жылға жоспармен танысты.









