«Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «FOOD зертхана»

2024 жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында  Астана қаласындағы №№4, 6, 10, 20, 22, 27, 45, 50, 52, 56, 72 мектептерінде «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында 2-сынып оқушыларына арналған Астана Медициналық университеті студенттерінің қатысуымен «FOOD зертхана» жобасы бойынша тәжірибелік жұмыстардың жүргізілуі жалғастырылды. Тәжірибелік  жұмыстарға 300-ге жуық білім алушы қатысты.

Тәжірибелік жұмыстар барысында білім алушылар «Сиқырлы табақ» атты дұрыс тамақтанудың құпияларымен танысты, сүтте ақуыздар, майлар бар екенін анықтады, сонымен қатар шарды лимон көмегімен үрлеуді, көкөністерден  бояулар жасауды және қолды сабынмен жуудың маңыздылығын үйренді.

Іс-шаралар соңында, педагогтер мен оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті және тәжірибелік сабақтардың оқу барысындағы маңыздылығын атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *